10:00, 29 Тамыз 2009 | GMT +5
Конституция күні еліміз тарихындағы ерекше күн - Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Ринат Гафуров
ПАВЛОДАР. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қалалар мен аудандардың делегациялары, соғыс және еңбек ардагерлері, қоғамдық, жастар және діни ұйымдардың белсенділері, мемлекеттік органдардың өкілдері кеше Павлодар қалалық Естай атындағы мәдениет үйінде Конституция күні құрметіне арналған салтанатты жиналыста бас қосты.
Бұл күн - еліміздің тарихындағы ерекше күн, деп атап өтті Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Ринат Гафуров «Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі мен маңызы» деген тақырыптағы баяндамасында.
Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев елдің және аймақтың дамуына елеулі үлес қосқан кәсіпорындардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне құрметті наградалар тапсырды,