Конституция күнінде әскери шеруге қатысу - зор құрмет - «Астана» аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары

АҒАНДЫ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Астанада «Қазақ елі» алаңында өтетін ҚР Конституциясы күні өтетін әскери шеруге барлық әскерлер түрінің, барлық әскери округтердің өкілдері қатысады. Оған іріктеу қатаң жүргізілді, ең таңдаулыларға ғана мұндай құрмет көрсетіліп отыр,
None
None

деді «Астана» аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары Ержан Садықов.

«Астана» аймақтық қолбасшылығының штабы Қарағандыда орналасқан. Осы жерден әскерлер шеруге әзірлік өтетін шатырлы лагерь қалашығына сап түзеп, жол тартты.  

- Ержан Бегайдарұлы, Сіз әскери шеруге қатысатын топты өзіңіз бастап келдіңіз. Сіздің пікіріңізше, осы оқиғаға әзірлік қалай ұйымдастырылған?

- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен алғаш рет нақ осы Конституция күні әскери шеру өткізілгелі отыр. Бұл әскери қызметшілер үшін ғана емес, елдің барлық азаматтары үшін зор идеологиялық маңызы зор оқиға екені сөзсіз.

Біздің аймақтық қолбасшылықта саптық байқаулар өткізілді. Бұдан кейін шеруге қатысушылар лагерь орналасқан жерге жаяу саппен жүріп барды.

Біз шеруге әзірліктің өте жақсы және сауатты ұйымдастырылғанына таңғалдық. Бізді салтанатпен қарсылады. Өз шатырларымызды қайда орнататынымызды көрсетті. Шатырлы лагерьде шаруашылық бөлімі, медпункт, спорт қалашығы  және мәдени-демалыс орталығы болуы шарт. Біз оның бәрін ұйымдастырдық. Мен лагерьді орналастыру жұмыстарын өзім басқардым, адамдарға не істеу қажет екенін ұғындырдым, алғашқы жаттығулар басталды, содан кейін бұл істі неғұрлым даярлығы мол офицерлерге тапсырдым. Лагерьде әдеттегіден өзгеше ахуал орнағанын атап өту қажет.  Әскерлер түрі арасында бәсекелестік көзделген. Күн сайынғы саптық әзірліктен басқа, таңдаулы шатыр лагері, таңдаулы тыл аймағы, Мемлекеттік әнұранды жақсы орындаушылар байқаулары өтуде. Спорттық жарыстар үнемі өткізіліп тұрады.

Тіпті шатырлардың өзінде өз айыру белгілері, нышандары бар. Біздер тарихи дәстүрлерге өз бригадамыздың тиесілі екенін білдіріп, былай деп жаздық: біздің бастауымыз Ұлы Отан соғысы жылдарындағы 203-інші Запорожье-Хинган дивизиясынан басталады. Бұл жауапты, әрі құрметті.

Түбегейлі идеологиялық және моральдық-психологиялық даярлық жүріп жатыр. Мұндай шеруге қатысу - бұл үлкен мәртебе және мұны әрбір жауынгер ұғынады. Бұл жеке құрамды жұмылдыра түседі. Шеру сонымен қатар, тәуелсіздік жылдары ішіндегі біздің еліміздің жетістіктерін көрсетуге бағытталған.

- Ал жауынгерлердің отансүйгіштік тәрбиесі үшін күнделікті өмірде қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

- Бұл басым бағыт болып табылады және мұндай жұмыстар тұрақты жүргізіледі. Бұл жерде ұрпақтар сабақтастығының, дәстүр жалғастығының үлкен мәні бар, сондықтан біздер қазір Ұлы Отан соғысының ардагерлерін белсенді түрде тартудамыз. Қарағанды - кеншілер қаласы және биылғы жылы Конституция күніне орайласа келген Шахтерлер күні қарсаңында белгілі адамдармен, кеншілер еңбегінің ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырдық, Шахтерлер даңқының иегерлеріне құрмет көрсеттік.

- Шеруге қатыспайтындар Конституция күнін қалай тойламақшы?

- Біздің «Астана» аймақтық қолбасшылығында Конституция күнін мерекелеуге әзірлік жоспары бар. ҚР Негізгі Заңын түсіндіруге арналған іс-шаралар жүргізіледі. Отанымызды қорғау мәселелеріне айрықша көңіл бөлінеді, әрбір азаматтың бұл міндеті Конституцияда жазылған. Үгіт топтары жұмыс істейді, қабырға газеттері шығарылады.

Біздің жауынгерлер басқа мерекелерден де тыс қалмайды. Біздің қолбасшылық ардагерлер ауруханасын қамқорлыққа алған, онда біздер концерттер қоямыз. Сонымен қатар, аймақтық қолбасшылықтан Шахтинск қаласына топ жіберілетін болады. Онда тамыздың 30-ында Ауғанстанда интернационалдық борыштарын орындаған, сонда опат болған жауынгерлерге ескерткіштің ашылуы болады.

- Рахмет! Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын, сіздердің жауынгерлік еңбектеріңізге табыс тілемін!

Соңғы жаңалықтар