Конституция күніне орай әскерилер концерт қойды - Жамбыл облысы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгін Конституция күні қарсаңында «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығының әскери қызметшілері №1 тараздық қарттар интернат-үйінде мерекелік концерт қойды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Бәстеми Дүйсембаевтың айтуынша, жауынгерлер қарттар үйінде және балалар үйлерінде мұндай іс-шараларды жиі өткізіп тұрады.

Жамбылдық қарттармен бірге мерекені атап өту үшін «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Әлихан Жарболов келді.

Түрлі концерттік нөмірлермен қатар қарттарға мерекелік дастарқан жайылды.

Соңғы жаңалықтар