Конституция күніне орай Астанадағы ҚР тұңғыш Президентінің мұражайында балаларға арналған мерекелік шара өтті

АСТАНА. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада Конституция күніне орай, ҚР тұңғыш Президентінің мұражайында балаларға арналған мерекелік шара өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР тұңғыш Президентінің мұражайы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпованың айтуынша, «Конституция - менің асыл Заңым, Ата Заңым!» деген тақырыпта сабақ өткізілді. Онда балғындарға Конституцияның мәні мен маңызын, негізгі басымдықтарын түсіндіру сабағы ойын түрінде болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ойын түріндегі сабақты өткізуге «Нұр Отан» ХДП-нің «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері белсене қатысқан.

«Бұл сабақтың басты мақсаты - мектеп табалдырығын жаңа аттаған кішкентай балапандарымызды тең құқылы азаматтар ретінде қалыптастыру, сана-түйсіктеріне осы бір ұғымды дарыту. Конституция оларға қандай құқықтар береді және қандай сұраныстар қояды дегенді ұғындыру», деді Б.Қайыпова.

Сонымен қатар шара барысында мұражай басшылығы және «жасотандықтар» «Мектепке барар жол» акциясы аясында балаларға сыйлықтар үлестіріп, оларға қуаныш сыйлады.

Соңғы жаңалықтар