Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Конституция күніне орай «Гүлдер» ВАА талдықорғандықтар үшін өзінің жеке бағдарламасын ұсынбақ

ТАЛДЫҚОРҒАН. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - 2010 жылғы тамыздың 30-ында сағат 10.00-де еліміздің басты оқиғасы - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Талдықорғанның орталық алаңында аты аңызға айналған «Гүлдер» вокалдық-аспаптық ансамблінің концерті өтеді.

Конституция күніне орай «Гүлдер» ВАА талдықорғандықтар үшін өзінің жеке бағдарламасын ұсынбақ

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, концерттік бағдарламаға Жеңіс Сейдоллаұлы, Шәһизада, Гүлхан Сергебаева, Дәулет Болатбаев, Әсем Айнакүл, «Азия» тобы секілді отандық эстрада жұлдыздарының орындауындағы шығармалар енеді. Сонымен қатар, концерттік бағдарламада елімізге танымал балет труппалары да өнер көрсетеді деп күтілуде.