18:07, 29 Тамыз 2009 | GMT +5
Конституция күніне орай Тасқалада жаңа дәріхана ашылды
ОРАЛ. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Тасқала ауданы орталығында Конституция күніне орай «Талап» АҚ-ның жаңа дәріханасы ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңа дәріхананың ашылуына орай көз дәрігері тегін қабылдап, көзілдіріктер таңдалды. Алғашқы клиенттерге сыйлықтар, дисконтты карталар табыс етілді. Мұнда дәрі-дәрмектер түрі мол.
Салтанатты рәсімде аудан әкімі Өтеміс Мырзағалиев, «Талап» АҚ президенті Владимир Волков ауыл тұрғындарын осынау қуанышты оқиғамен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.