Конституция күнінің «Қазақ елі» монументі алаңында өтуінің де өзіндік мәні зор - ҚР Президенті Н. Назарбаев

ң 30-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада «Қазақ елі» монументі орналасқан орталық алаңда ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты әскери шеруде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл мерекенің осы алаңда өтуінің өзіндік мәні зор екенін атап көрсетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Конституция күнінің елдік пен егемендіктің, іргесі берік мемлекеттіліктің темірқазығына айналған әсем Астанамыздың төрінде, «Қазақ елі» монументі орналасқан орталық алаңда өтуінің де өзіндік мәні зор. Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі бабаларымыздың «мәңгілік ел орнату» идеясына қойылған ескерткіш-белгі!Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң -еліміздің басты алаңы!», деді өз сөзінде Мемлекет басшысы.

Елбасы «Конституция біздің асқақ абыройымыз, Қарулы Күштер - ашық аспанымызды қорғайтын айбынды айбарымыз» екенін атап өтті. «Конституция да, ұлттық армия да біздіңтәуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізді айшықтайтынайрықша нышандардың бірі», деді Н. Назарбаев.  

Соңғы жаңалықтар