Конституция - тұрақтылық пен топтасу факторы - Павлодардағы «дөңгелек үстел»
![None None](/static/img/plug.webp)
Ұлттық орталықтардың, саяси партиялардың және мемлекеттік органдардың өкілдері аймақтағы дағдарысқа қарсы саясаттың қорытындыларын шығарды. Қазақстан халқы Ассамблеясының республика өміріндегі рөлін көтерген Конституцияларға түзетулерді талқылады.
«Біздің тоғыз депутатымыз Парламентте барлық ұлыстық топтардың мүддесін білдіреді, - деді Ассамблея төрағасының орынбасары Виталий Свиницкий. - Негізгі заңның тарихи маңызы баға жеткісіз - Конституция Қазақстан халқының бірлігі мен тұрақтылыққа кепіл болып отыр».
«Президент пен Үкімет қабылдаған шаралар тиімді жұмыс жасауда, - деді облыс әкімінің орынбасары Рысты Жұмабекова. - Облыста жиырмадан астам өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандар іске қосылды, ауылдық жерлерде балабақшалар мен клубтар ашылды».