13:18, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
Конституциялық Кеңес кейбір заңнамалық актілерге діни сенім бостандығы және діни бірлестіктердің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңының ҚР Конституциясына сәйкестігін тексеру жөніндегі Елбасының ұсынысын қарауға қабылдады
АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 2008 жылғы қарашаның 26-сында Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған,
2008 жылғы желтоқсанның 2-сінде Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктердің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы Президенттің ұсынысын іс жүргізуге қабылдады. ҚазАқпаратқа бұл туралы Конституциялық Кеңестің баспасөз қызметінен хабарлады.