Конституциялық Кеңес Мемлекет басшысының өтінішіне бір ай мерзім ішінде қорытынды шығаратын болады

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ҚР Конституциялық Кеңесі ҚР Президентінің Парламент қабылдаған «ҚР Конституциясына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Заңының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін қарап, бір ай мерзімі ішінде қорытынды шығаратын болады.
None
None

Бүгін Мемлекет басшысының өтінішіне байланысты өткен ҚР Конституциялық Кеңес мүшелерінің отырысында ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Николой Белоруков осылай мәлім етті.

Конституциялық Кеңес бүгін, 17 қаңтарда Елбасының өтінішін өндіріске алғаннан кейін, мемлекеттік органдардың өкілдері арасынан конституциялық іс жүргізуге қатысушылар тобын айқындау, сондай-ақ қажетті құжаттар мен өзге де материалдарды жинақтау және зерделеу жөніндегі дайындық жұмысын бастады. Бұдан бөлек, өтінішті қарауға әртүрлі кәсіп өкілдерінің кеңінен қатысуын және олардың пікірлері талдануын қамтамасыз ету мақсатында отандық және шетелдік ең білікті сарапшылар қатыстырылатын болады. «Еліміздің Негізгі заңына сәйкес, Конституциялық кеңес Республика президентінің өтінішін қарап шығып, оның мән-жайы бойынша бір ай мерзімі ішінде қорытынды шешім шағаратын болады», - деді Н. Белоруков.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 14-інде ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «ҚР Конституциясына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданып, Елбасының қол қоюына ұсынылған болатын. Аталған заң ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаевтың президенттік өкілеттігін референдумда ұзарту мүмкіндігін қарастырады. Ал Мемлекет басшысы 14 қаңтарда заңның Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішті Конституциялық Кеңеске жолдаған еді.

Соңғы жаңалықтар