Конституциялық құндылықтарды қорғау - әрқайсымыздың борышымыз - Қостанай облысының әкімі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңір жұртшылығын Конституция күні мерекесімен құттықтады. Әкімнің құттықтауын облыс әкімдігінің ресми сайты жариялады.

«Ата Заң - Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуында ерекше орын алады. Республика Конституциясы мемлекеттілікті нығайтудың бастапқы және ең маңызды шарттарын құрды, қазақ жерінде ортақ тарихи тағдыр біріктірген алуан ұлт өкілдерінің басын қосты. Тәуелсіздік жылдарында құқықтық жүйенің тиімділігі арқасында еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуда зор табыстарға қол жеткізіп, әлем мойындаған абыройлы мемлекеттердің қатарына қосылды. Ел Конституциясы Қазақстанның табыстылығы мен одан әрі өркендеуінің нышанына айналды»,-деді облыс әкімі құттықтауында. 

Сондай-ақ құттықтауда негізгі заңның қағидалары мен нормаларын ұстану, конституциялық құндылықтарды қорғау - әрқайсымыздың борышымыз бен міндетіміз екендігі айтылады.

«Біздің таңдаған жолымыз жаңа жеңістерге, жаңа белестерге бастайтыны анық. Бүгін біздің алдымызда Елбасының жыл сайынғы Жолдауында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында белгіленген тапсырмаларын іске асыру бойынша ауқымды міндеттер тұр. Оларға экономикалық өсімнің жаңа моделін жасау және мықты әрі жауапты адамдардың біртұтас ұлтын қалыптастыру мақсатында қоғамды топтастыру арқылы қол жеткізу мүмкін. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік, құт-береке және молшылық тілеймін!»,-дейді құттақтауында облыс басшысы.

Соңғы жаңалықтар
telegram