Конституция преамбуласы жастарды технологиялық салаға бағыттауы тиіс – Шибұтов

АСТАНА. KAZINFORM – Конституцияның преамбуласы жастар үшін бағдар болуға тиіс және оларды білімді, кәсіби әрі технологиялық салаға бағыттауы керек. Бұл туралы саясаттанушы Марат Шибұтов Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның үшінші отырысында айтты.

Конституция преамбуласы жастарды технологиялық салаға бағыттауы тиіс – Шибұтов
Фото: видеодан алынған скрин

– Болашақ жалған ақпарат таратушылар мен бәлеқорлар (темщик) емеc, технологиялық салада еңбек ететін, кәсіби әрі білімді азаматтарда, - деді Марат Шибұтов.

Саясаттанушының айтуынша, преамбула елдің тарихи тамырын мойындап, архаикалық көзқарастардан бас тартып, әділеттілік, заң мен тәртіп қағидаттарын бекіту арқылы қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтады. 

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Жандос Өмірәлиев қамауда ұстау мерзімін 48 сағатқа қысқарту ұсынысы қосымша талқылауды қажет ететінін айтты.

Соңғы жаңалықтар