Конституция жобасы: Әр адамның мемлекеттік органның заңсыз әрекетімен келітірілген зиянды мемлекеттен өтетіп алуға құқығы бар
АСТАНА. KAZINFORM — Әр адамның мемлекеттік органның заңсыз әрекетімен келітірілген зиянды мемлекеттен өтетіп алуға құқығы бар. Конституция жобасына осындай түзету енгізілмек. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 9-отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.
— Жобаның 12-бабы Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне арналған. Осы баптың 3-тармағына түзету ұсынылады. Оған сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматында қос немесе көп азаматтығы болуына жол берімейді. Өзге ел азаматтығының болуы заңда көзделген тәртіппен және белгіленген жағдайда Қазақстан Респубилкасының азаматтығын тоқтатуға негіз болады». Енгізілген ұсыныстардың ішінде мемлекеттік билік органдары мен олардың қызметшілерінің құқықтық қайшы әрекеттері салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне әркімнің құқығын Конституцияда бекіту мәселесі үлкен қызығушылық танытады, — деді ол.
Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамада мүліктік және моральдық шығынды өтеу тетіктері қарастырылған. Қылмыстық-процестік кодекстің 4-тарауы қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу тәртібін реттейді.
— Оның ережелеріне сәйкес, адамға заңсыз ұстап алудың, күзетпен ұстаудың, үй қамақтың, лауазымынан уақытша шеттетудің, арнаулы медициналық ұйымға орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мәжбірлеу шараларын қолдау салдарынан келтірілген зиян бұл органның кінәсі бар-жоқтығына қарамастан толық көлемде республикалық бюджеттен өтеледі. Азаматтық процестің 9-бабында азаматтық іс бойынша іс жүргізуге қатысатын тұлғаның ар-намысын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін, іскерлік беделін кемітетін әрекеттерге тыйым салынған. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында мемлекеттік органдардың және лауазымды азаматтардың заңсыз әрекеттерінен жеке тұлғаға келтірілген моральды зиян, жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға келтірілген залалдар заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс деп бекітіліген. Мұндай ережелер басқа заңдарда да бар. Осыған орай Конституция жобасының 15-бабы 4-тармақпен толықтырылды. Онда «әр адамның мемлекеттік органның немесе оның лауазымды адамының заңсыз әрекетімен не әрекетсіздігімен келітірілген зиянды мемлекеттен өтетіп алуға құқығы бар» деп қарастырылды, — деді Бақыт Нұрмұханов.