Конституцияда заң көмегін көрсету түрлерін «тегін» деген сөзбен шектемеу керек — Әділет министрі

АСТАНА. KAZINFORM – Конституцияда заң көмегін көрсету түрлерін «тегін» деген сөзбен шектемемеу керек. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты.

Ерлан Сәрсембаев
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

— Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасының 13-бабында заңда көзделген жағдайларда заң көмегі белгіленген. Заң көмегін көрсету түрлерін «тегін» деген сөзбен шектемей, оны заң аясында қарастыру ұсынылады. Бұл бір жағынан, кепілді заң көмегі мемлекет есебінен жүргізілетінін, ал екінші жағынан, адвокатура және өзге де заң қоғамдастығы өкілдері оны өз қаражаты есебінен дербес көрсете алатынымен байланысты. Бұл дегеніміз халыққа, әсіресе әлеуметтік осал санаттары үшін заң көмегін көрсетудің әртүрлі нысандарын дамыту. Осы орайда, қорғау құқығы еліміздің азаматтары үшін негізгі іргелі құқықтардың бірі ретінде өзгеріссіз қалатынын атап өткім келеді, — деді Ерлан Сәрсембаев.

Бұған дейін Конституциядан «Астана» қаржы орталығына қатысты норма жойылуы мүмкін екенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар