Конституциялық реформа: Президент кімдерді дербес тағайындай алады
АСТАНА. KAZINFORM – Президентке бірқатар мемлекеттік органның бірінші басшыларын жеке-дара тағайындау құқығы берілмек. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты.
- Сонымен қатар Президентке қызметі ұлттық қауіпсіздікті, қаржылық тұрақтылықты және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге тікелей қатысы бар мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын жеке-дара тағайындау ұсынылады. Бұл Бас прокурор, Конституциялық соттың, Жоғарғы соттың, Ұлттық банк, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғарғы аудиторлық палата, Жоғарғы сот кеңесі төрағалары, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымдарына қатысты, - деді Ерлан Сәрсембаев.
Министрдің пайымынша, мұндай тәсіл аталған лауазымды тұлғалардың Мемлекет басшысының алдында жеке жауапкершілігі мен есептілігін қарастырады, тағайындаулардың жылдамдығын қамтамасыз етеді және мемлекеттік органдардың жұмысының тұрақтылығын әсіресе дағдарыс сәттерінде кепілдік береді,.
Бұған дейін ол Президентке қандай лауазым иелерін Құрылтайдың келісімімен тағайындау құқығы берілетінін айтқан еді.