Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның келесі отырысы өтетін күн нақтыланды

АСТАНА. KAZINFORM – Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысындағы ұсыныстар жинақталады. Бұл туралы Астанада Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова мәлім етті. 

отырыс
Фото: Конституциялық сот

– Бүгінгі алғашқы отырыста баяндамашылар жұмыс тобындағы пікірталас барысында жүйеленген ұсыныстарды жариялады. Осы ұсыныстар бүгін бізге тапсырылды. Одан басқа, бүгін біраз адамның ұсынысын тыңдадық, яғни олар нақты бастамаларды атап өтті. Енді бізге сәл уақыт керек. Осы орайда аталған ұсыныстарды жинақтап, салыстырмалы кестеге жинақтайық. Келесі отырыстарда осы кесте бойынша жұмысқа көшейік, - деді Э. Әзімова. 

Осы орайда ол алдағы отырыста нақты пікірлер айтылып, комиссия жаңа нормалар мен түзетулер енгізу бағытында жұмыс істейтінін айтты. 

– Келесі отырысты дүйсенбі күні өткізейік. Алдын ала уақытын тағы айтамыз, - деді Эльвира Әзімова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум