Контрабандалық тауарларды жасырын алып келе жатқан пойыз жолсерігі ұсталды

ОРАЛ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері шекарадағы Семиглавый Мар стансысында
None
None
Мәскеу-Алматы бағытында қатынайтын №8 жолаушылар пойызы вагонының төбе қуысына жасырылған тамақтың биологиялық белсенді қоспалары, өзге де тауарларды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сараптау қорытындысына сәйкес жолсерік контрабандалық жолмен Ресейден Қазақстан аумағына алып өткен тауардың нарықтық құны 2 млн. теңгені құрады. Осы фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар