Контрабандалық жолмен 129 мың долларды шекарадан алып өтпек болған ауған азаматы сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың қаңтар айында Алматы қаласының Халықаралық шекара аймағында «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері Ауғанстан Республикасының тумасы, 1987 жылы туған, уақытша Алматы қаласында тұрып жатқан Painda Dastan (Паинда Дастан) есімді азаматты тұтқындады.
None
None

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы - Абу-Даби» бағытындағы авиатіркеуден өткен соң кеден қызметкерлері оның қол сөмкесін тексерген кезде декларацияланбаған 128 800 АҚШ доллары табылды. Ақша сырт киімнің ішкі және сыртқы қалталарына салынған.

Қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін ол «жасыл дәліз» арқылы жүрген. Ақшаны алып кету туралы хабарлама бермеген, кедендік декларацияны толтырмаған. Ұшу алдындағы авиациалық тексеру барысында оны Алматы қаласының КБД КБ «Жетісу» қызметкері тұтқындады.

Сотталушы Абу-Дабиден бұл ақшаға автокөлік алғысы келгенін айтты. Белгіленген ережелерді бұзғаны жөнінде ол: «Жасыл дәліз» арқылы өтіп кеткендіктен ешкім байқамайды, сұрамайды деп ойладым», - деп түсіндірді. Кедендік тексеру кезінде рентген-аппараты металліздеуші мониторынан ақшаның бейнесін байқаған Алматы қаласының «Жетісу» КБ-нің бас маманы Қамбаров іс бойынша куә болды.

Шекара арқылы өткізудің арнайы қағидалары белгіленген құндылықтарды өткізбек болғаны үшін Алматы қаласының Турксіб аудандық сотының судьясы Б.Мамытов үкім жариялап, сотталушының әрекетін ҚР ҚК-нің 234 бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен - аса ірі мөлшердегі контрабанда деп бағалады. Сот Painda Dastan-ды кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп 991 000 теңге мөлшерінде айыппұл тағайындады. 118 мың 800 АҚШ доллары (декларациясыз алып кетуі сомасынан басқасы), контрабандалық нысанасы ретінде мемлекет пайдасына алынды.

Соңғы жаңалықтар