Көп ұлтты отбасында - бір ғана тіл!

ТАЛДЫҚОРҒАН. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысындағы корей диаспорасының өкілдері мемлекеттік тілді білуді және мемлекеттік мерекелерді қастерлеуді өздерінің борышы санайды.
None
None

Борис Огай Қаратал ауданындағы Үштөбеде 57 жылдан бері тұрып келеді. Оның ата-анасы Қиыр Шығыстан 1937 жылы жер аударылды. Бұл уақыт ішінде осы әулетте бірнеше ұрпақ өсті. Қазақстанды олар өздерінің жалғыз ғана отаны және қазақ тілін ана тілі деп біледі.

«Біздің отбасымыз көп ұлтты болып саналады, онда орыс та, қазақ та, корей де бар. Біздердің тату-тәтті бір шаңырақтың астында тұрып жатқанымыз үшін Президентімізге үлкен алғысымызды білдереміз. Ата-анамыздың шыққан тегі - корейлер, келіндеріміз бен күйеу балаларымыз - қазақтар мен орыстар,  бәрі де қазақшаны судай таза біледі. Қазақ халқының дәстүрін құрметтеу және мемлекеттік тілді білу - әрбір қазақстандықтың міндеті», - деп санайды Б.Огай.

Соңғы жаңалықтар