Көп жылдан бері шешілмей келе жатқан өзекті мәселелердің беті ашылуда ? Алматы әкімінің бірінші орынбасары

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алмалы ауданының құрылғанына бір жылдай уақыт боп қалды. Осында көп жылдан бері шешілмей келе жатқан өзекті мәселелердің бетін ашып, халыққа жағдай жасау үшін біраз істің басын қолға алып отырмыз.
Қала әкімінің бірінші орынбасары Мәулен Мұқашев бүгін Алмалы ауданындағы жер телімдерін заңдастыру мәселесіне арналған баспасөз мәслихатында осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Ауданда әкімдіктен бастап прокуратура, сот, ішкі істер бөлімі сияқты көптеген мемлекеттік органдар ашылды. Біз бүгін заңсыз жерлерді заңдастыру үшін жасалып жатқан іс-шараларды халыққа жеткізу үшін жиналып отырмыз. Ауданда жер телімдерін басып алу мен заңсыз құрылыс салу тоқтатылды», - дейді Мәулен Мұқашев. Оның айтуынша, жер телімдерін инвентаризациялау кезінде заңсыз салынған 4523 үй анықталған. Ал жер телімдерін заңдастыруға 2230 өтініш қабылданып, оның 635-іне заңдастыруға шешім шығарылған.
Соңғы жаңалықтар
telegram