Көпен Әмірбек «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көпен Әмірбек «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі болып бекітілді.  Бұл туралы аталған кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов мәлім етті.

Көпен Әмірбек «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі болды

«Біздің кеңестің атынан сізге жемісті жұмыс тілейміз. Сонымен қатар бізге «Ара» журналымен тығыз өзара іс-қимылды орнату керек», - деді Қ. Сүлейменов.

Көпен Әмірбек - саяси-қоғамдық сатиралық «Ара.kz» журналының Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы сатира кеңесінің төрағасы.