Копенгагенде БҰҰ конференциясы өз жұмысын аяқтады

АСТАНА.  Желтоқсанның  20-сы.  ҚазАқпарат - Сенбі,  желтоқсанның  19-ы  күні    екі аптаға созылған    жарыссөзден кейін   БҰҰ-ның Климаттың  өзгеруі   жөніндегі 15-ші  негізгі   конференциясы   өз   жұмысын     аяқтады,
None
None

деп   хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Тарихтағы  ең   алқалы   халықаралық  климаттық форумға   БҰҰ-ға мүше  193  елдің өкілдері  қатысты.  Форумды   қорытындылауы тиіс АҚШ,   Қытай,  Үндістан, Оңтүстік Африка  Республикасы   және  Бразилия  елдерінің  басшылары  әзірлеген «Копенгаген   келісімі»  мақұлданған  жоқ,    дегенмен,      конференцияға қатысушылар ол құжатты   назарларына    алды.

Бұл құжатта   2010-2012   жылдары    дамушы елдерге  30 миллиард доллар  көлемінде  «жедел  көмек»  беру,   сондай-ақ   2020 жылға   дейін  жыл сайын  тағы 100 миллиард   доллардан беру   мәселелері    қарастырылады,   бірақ       зиянды газ қалдықтарының  шығарылуын   қысқарту  саласында  ешқандай  нақты міндеттер  қойылмайды.

 Ал форумның    соңында сөз  сөйлеген  оңтүстікафрикалық  делегат,     жарты жылдан кейін  Бонн   қаласында  өтетін жаңа   климаттық  конференцияның        Оңтүстік Африка Республикасында    маусымның 11-і мен   шілденің 11-і аралығында  өтетін  футболдан  Әлем чемпионатымен     қатар  келіп қалмауын  өтінді.

Соңғы жаңалықтар