Коперниктің сүйегі салынған саркофаг Польшаның Ольштын замогіне қойылды

АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - Поляктың ұлы астрономы және математигі Николай Коперниктің сүйегі салынған саркофак Ольштындегі замокке қойылды,
None
None

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Мамырдың 22-сінде Коперниктің сүйегі Польшаның солтүстігіндегі Фромборк кафедральды соборына жерленетін болады.

«Коперниктің саркофагы қойылған Кромер залына күн сайын жүздеген турист пен Ольштынның тұрғындары келуде. Саркофаг бұл жерде мамырдың 20-сына дейін болады»,- деп хабарлады жергілікті мұражайдың директоры Януш Цыганьский.

Николай Коперник 1510 жылдан бастап дүниеден озғанға дейін Фромборкте тұрған. Ол жергілікті собордың канонигі болған және собордың мұнараларының бірінде ол обсерватория, кітапхана жасап алған. Коперниктің сүйегі 2005 жылы Фромборк соборында жүргізілген архелогиялық жұмыстар кезінде табылды. Астроном, математика, экономист, каноник болып табылатын Коперник ең алдымен алғашқы ғылыми революцияға бастама болған әлемнің гелиоцентристік жүйесі туралы пікірдің авторы.

Соңғы жаңалықтар