Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Көпірден өзенге секіріп мерт болды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданында мас жігіт көпірден өзенге секіріп, мерт болды.

Көпірден өзенге секіріп мерт болды - Ақмола облысы

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады. Келеңсіз жағдай маусымның 16-ы күні сағат 17:00 шамасында Қонысбай ауылында орын алған. Спирттік ішімдікке сылқия тойып алған 1978 жылғы жергілікті тұрғын М.А. Шағалалы өзені арқылы өтетін көпірден суға секіріп, кейін қайтып шықпаған. Құтқару жұмыстарына Ақмола облыстық ТЖД Судан құтқару қызметінің жеке құрамындағы 5 адам мен 1 суда жүзу техникасы тартылып, 37 жастағы ер адамның денесін судан алып шықты.