18:01, 04 Сәуір 2016 | GMT +5
Көпқабатты үйдің терезесінен лақтырылған пышақ сәбидің басына қадалған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Уфада көпқабатты үйдің терезесінен лақтырылған пышақ үш жасар сәбидің басына құлады. Бұл туралы Башқұртстан бойынша ІІМ басқармасы баспасөз қызметінің өкілі хабарлады.

Нәрестені бас жарақатымен ауруханаға жеткізді. Оның жағдайы белгісіз. Құқық қорғау органдары күдіктіні анықтау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Тексеріс аяқталған соң қылмыстық іс қозғау туралы шешім шығарылады.