Көптеген халықаралық сарапшылар Қазақстан Конституциясына ең жоғары баға беріп отыр - Т. Әбішев

амыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Көптеген халықаралық сарапшылар Қазақстан Конституциясына ең жоғары баға беріп отыр. Бүгін «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл: заңнаманы ілгері жетілдіру» атты тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшылығының меңгерушісі Тастемір Әбішев осылай мәлім етті.
None
None

«Конституцияның рөліне келетін болсақ, Ата заңымыз елдің Негізгі заңы болып қана қоймайды, ол ішкі, сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын, мемлекетіміздің экономикалық, құқықтық және мәдени дамуын айқындайды. Ал адам құқы тұрғысынан келетін болсақ, Қазақстан ағымдағы жылы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің алдында аталған сала бойынша барлық халықаралық міндеттемелерін сәтті қорғап шықты. БҰҰ мүше мемлекеттердің өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар Қазақстан Конституциясының ережелеріне жоғары баға берді. Бұдан бөлек, ағымдағы жылғы наурызда біз нәсілдік кемшітушіліктің барлық түрлерін жою туралы ұлттық баяндаманы да жемісті қорғадық. БҰҰ Комитетінің төрағасы Әнуар Кемал мен оның 17 сарапшысы да Қазақстан Конституциясы ережелеріне жоғары баға берді. Сонымен қатар, біз мамыр айында Экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдениет құқықтары туралы халықаралық пакті бойынша бірінші Қазақстандық ұлттық баяндаманы да үздік қорғадық. Онда да Ата заңымызға жоғары баға берілді. Жалпы, халықаралық сарапшылар Қазақстан Конституциясына бірауыздан ең жоғары баға берді. Бас құжатымызды Франция, АҚШ және Ресейдің конституция синтезі деген мәнге ие болды», деді Т. Әбішев.

Оның айтуынша, халықаралық сарапшылар Қазақстан Ата заңының қуатын мойындай отырып, оның қолданыстағы әлеуетін толық пайдалану туралы ұсыныстар жасаған. Яғни, заңға тәуелді актілер, ережелер мен заңдар Қазақстан Конституциясының ережелеріне сәйкес болуы тиістігіне баса мән беру қажеттігі айтылады.

Соңғы жаңалықтар