Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 150,31 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 16 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,31 теңгені, ал сауда көлемі 186 250 мың долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,35 теңгеге арзандап, сессия көлемі 49 550 мың долларға артып отыр.