12:28, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 150,43 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы Т+ 0 (USD_TOD) есебімен аяқталды.
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,43 теңгені, ал сауда көлемі 140 875 мың долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,17 теңгеге қымбаттап, ал сессия көлемі 186 750 мың долларға азайған.