11:24, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 150,54 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы Т+ 0 (USD_TOD) есебімен аяқталды.
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 14 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,54 теңгені, ал сауда көлемі 123 мың 500 долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,06 теңгеге арзандап, ал сессия көлемі 79 мың 900 теңгеге азайып отыр.