Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 150,60 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы Т+ 0 (USD_TOD) есебімен аяқталды.
None
None
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,60 теңгені, ал сауда көлемі 203 мың 400 долларды құрады. Өткен жұма күнгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,17 теңгеге қымбаттап, ал сессия көлемі 62 мың 525 долларға артты.
Соңғы жаңалықтар