Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 150,76 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,76 теңгені, ал сауда көлемі 145 115 мың долларды құрады. Дүйсенбі күнгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,27 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 95 710 мың долларға артты.