Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 150,77 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 150,77 теңгені құрады
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,77 теңгені, ал сауда көлемі 58 315 мың долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,23 теңгеге арзандап, ал сессия көлемі 14 815 мың долларға өсті.