Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 151,01 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 151,01 теңгені құрады
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 16 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 151,01 теңгені, ал сауда көлемі 42 205 мың долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,03 теңгеге қымбаттап, ал сессия көлемі 1 895 мың долларға азайды.