Қор нарығында доллар 1,52 теңгеге қымбаттады

Доллар
Фото: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,52 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 449,76 теңге. 

Ұлттық банктің 11 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 448,12 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,05 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 450,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 451,9 теңге. 

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 448 теңге, сатып алу құны – 453 теңге. Ресей рублі 4,99 - 5, 06 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар