16:21, 24 Қараша 2023 | GMT +5
Қор нарығында доллар 2 теңгеге жуық қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті, деп хабарлайды Kazinform.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 1,99 теңгеге қымбаттап, 463,09 теңге болды.
Ұлттық банктің 24 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 461,17 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,23 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 460,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 463,5 теңге. Ал Астана қаласында сату бағамы – 461 теңге, сатып алу – 465 теңге.
Ресей рублі 5,12 – 5, 22 теңге аралығында ұсынылуда.