16:11, 27 Ақпан 2024 | GMT +5
Қор нарығында доллар әрі қарай арзандап жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,73 теңгеге төмендеп, 1 доллар 448,89 теңге болды.
Ұлттық банктің 27 ақпандағы ресми бағамы — 1 доллар үшін 449,96 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы — 449,9 теңге, сатып алу — 452,1 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 448 теңгеден болса, сатып алу — 452 теңге.
Алматыда Ресей рублі 4,81 — 4,88 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,8 — 4,95 теңгеден сатылуда.