Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы кішкене төмендеді. 

Доллар
Фото: Александр Павский/ Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,02 теңгеге арзандап, 480,63 теңге болды.

Ұлттық банктің 17 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 480, 61 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 481,59 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 479,93 теңге.

Ал елорданың ақша айырбастау пункттерінде долларды 478,09 теңгеге сатып алуға болады. Сату құны – 482,07 теңге. 

Еске сала кетейік, бұған дейін 2027 жылы Ұлттық қордың таза валюталық активтері 78,7 млрд долларға жететінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар