Қор нарығында доллар бағамы 3 теңгеге қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,28 теңгеге өсіп, 462,30 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 458,87 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 459,00 теңгеден сатып алынады, 466,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 531,00 теңге, сату — 541,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,15 теңге, сату — 5,35 теңге.
— юань: сатып алу — 68,32 теңге, сату — 72,34 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 461,72 теңгеден сатып алынады, 463,66 теңгеден сатылады. Еуро 535,91 — 541,01 теңге, ал рубль 5,19 — 5,33 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,46 теңгеден сатып алынады, 70,81 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 26 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,66 теңгеге өсіп, 458,87 теңге болды.