Қор нарығында доллар бағамы 6 теңгеге көтерілді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 6,62 теңгеге өсіп, 454,98 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 447,73 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 452,01 теңгеден сатып алынады, 458,96 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 504,96 теңге, сату - 514,96 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,15 теңге, сату - 5,44 теңге.
- юань: сатып алу - 66,03 теңге, сату - 70,63 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 456,07 теңгеден сатып алынады, 458,67 теңгеден сатылады. Еуро 508,75 – 513,65 теңге, ал 5,14 – 5,27 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 65,11 теңгеден сатып алынады, 67,70 теңгеден сатылады.
Еске салайық, әлемдік нарықта мұнай қайтадан арзандап жатыр.