Қор нарығында доллар бағамы қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,44 теңгеге өсіп, 464,53 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 462,91 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 461,00 теңгеден сатып алынады, 468,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 539,00 теңге, сату — 549,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,00 теңге, сату — 6,30 теңге.
— юань: сатып алу — 66,91 теңге, сату — 72,92 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 463,25 теңгеден сатып алынады, 465,28 теңгеден сатылады. Еуро 542,95 — 547,94 теңге, ал рубль 5,94 — 6,08 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,44 теңгеден сатып алынады, 70,19 теңгеден сатылады.
Еске салайық, бұған дейін елдегі жанармай құю бекеттерінде бензин, дизель және автогаз бағасы қандай екенін жаздық.