15:45, 02 Ақпан 2024 | GMT +5
Қор нарығында доллар қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,60 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 451,24 теңге.
Ұлттық банкттің ресми бағамы – 1 долларға 449,64 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,98 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 450,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 453,1 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 449,5 теңге, сатып алу құны– 453,5 теңге.
Ресей рублі 4,91 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.