Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қор нарығында доллар тағы арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Бугун Қозоғистонда доллар қанча тенгедан сотилади
Коллаж: Kazinform / Freepik / Pixabay

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1 теңгеге түсіп, 473,59 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 474,63 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 469,00 теңгеден сатып алынады, 476,00 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 537,00 теңге, сату - 547,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,60 теңге, сату - 5,80 теңге.

- юань: сатып алу - 68,50 теңге, сату - 73,28 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 472,54 теңгеден сатып алынады, 474,61 теңгеден сатылады. Еуро 542,31 – 547,49 теңге, ал рубль 5,61 – 5,75 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,62 теңгеден сатып алынады, 71,07 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 30 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,38 теңгеге арзандап, 474,63 теңге болды.