Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

Доллар
Фото: Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,53 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 452,94 теңге.

Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 450,14 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,87 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 452,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 454,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 451 теңге, сатып алу құны – 455 теңге.

Ресей рублі 4,88 – 4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар