Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан арзандап жатыр

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kazinform..

теңге
Фото: Kazinform

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,10 теңгеге төмендеп, 1 доллар 461,53 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 15 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 463,65 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 463,9 теңге, сатып алу – 466,03 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 461 теңгеден болса, сатып алу – 466

Алматыда Ресей рублі 5,03-5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,05-5,25 теңгеден сатылымда.

Соңғы жаңалықтар