09:23, 24 Ақпан 2023 | GMT +5
Қор нарығында бір доллар 449 теңгеден саудалануда
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 24 ақпанға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 449,22 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 5,99 теңге. 23 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 13 теңгеге қымбаттап, 448, 99 теңге болған. Ресей валютасы 5, 94 теңге болды. Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,5 – 452,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 449– 453 теңге аралығында құбылып тұр.
Қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,8 – 6,05 теңгеден, Астанада 5,9 -5, 95 теңгеден саудаланып жатыр.