11:35, 01 Сәуір 2022 | GMT +5
Қор нарығында доллар бағасы тағы қымбаттады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 31 наурыз кешімен салыстырғанда 4,10 теңгеге қымбаттаған.
АҚШ долларының орташа бағамы 471, 13 теңге болды.
Ұлттық банктің 1 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін - 466, 31 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471,85 теңгеден сатылса, сатып алу – 475,79 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 470, 68 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 474, 79 теңге.