Қор нарығында доллар шамалы арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,14 теңгеге төмендеп, 1 доллар 462,65 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 23 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 462, 75 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 463,5 теңге, сатып алу – 467 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 462 теңгеден болса, сатып алу – 465.

Ресей рублі 7,38- 7,43 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 23 қараша күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,64 теңге болды.


Соңғы жаңалықтар