Қордай көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Қордай көшесінің Бауыржан Момышұлы даңғылынан Обаған көшесіне дейінгі аралығында инженерлік желілерді салу жұмысы жүргізіледі.
Осыған байланысты биылғы 17 шілде мен 30 қыркүйек аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Айта кетелік Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысы уақытша жабылатыны туралы жазған едік.