Корей компаниясы Түркістан мен Атырау облыстарында газ электр стансасын салмақшы

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Корей бизнес форумында екіжақты байланыс энергетика саласындағы технологиялар кооперациясына ұласқанын қолдайтынын мәлім етті.

газ электр стансася
Фото: Pixabay

«Жаһанда энергетика көздерінің ауысып жатқанына байланысты жасыл энергетика саласында әріптестік аясын кеңейту барған сайын өзекті болып келеді. Бүгінде Қазақстанның баламалы энергетика саласындағы айтарлықтай әлеуеті көптеген жаһандық ойыншылардың назарын аударып отыр. Оңтүстіккореялық компаниялармен осы бағыттағы ықпалдастық тәжірибе алмасудан нақты жобаларды іске асыруға, технологиялар трансфертіне дейін жоспарлы түрде кеңейтілетініне үміттенеміз», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан энергияның дәстүрлі көздерін дамытуға да мүдделі.

«Сондықтан Doosan Enerbility компаниясының Түркістан және Атырау облыстарында газ электр стансасын салу жоспарын қолдаймыз», — деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар