Корея Халық Демократиялық Республикасында Корея халықтық армиясының күні аталып өтті

АСТАНА. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат - Корея Халық Демократиялық Республикасында Корея халықтық армиясының күні аталып өтті.

Корея  Халық Демократиялық  Республикасында     Корея     халықтық   армиясының    күні аталып  өтті

Осынау атаулы күнге орай ел басшысы Ким Чен Ир жоғарғы бас қолбасшы ретінде №115 әскери бөлімде өткен жаттығудың барысын бақылады, деп хабарлайды ЦТАК агенттігі.

Маневр аяқталғаннан кейін сөйлеген сөзінде Ким Чен Ир, жаттығудың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, Солтүстік Кореяның армиясы кез-келген сыртқы агрессияға тойтарыс беруге қажетті әлеуетке ие екенін мәлім етті.